Қазақстанда электрокөліктерге арнайы жасыл мемлекеттік нөмір енгізу ұсынылды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы КТК-ға сілтеп.
Мамандардың айтуынша, жасыл түсті нөмірлер электромобильдерді жылдам анықтауға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде тұрақ жүйелері мен арнайы жеңілдіктерді автоматтандыруға жол ашпақ. Сонымен қатар, бір модельдің электр және гибрид нұсқаларын ажырату мәселесін де жеңілдетеді.
Бүгінде Қазақстанда 31 мыңнан астам электромобиль тіркелген. Сарапшылардың пікірінше, мұндай көліктер саны жыл сайын артып келеді. Алайда инфрақұрылым мен цифрлық жүйелер бұл өзгерістерге толық бейімделіп үлгермеген.
Әзірге жасыл мемлекеттік нөмірлердің нақты қашан енгізілетіні белгісіз. Жоба қоғамдық талқылау кезеңінде.
Новости по теме
Эпидемиологическая ситуация в Акмолинской области за 8 месяцев текущего года относительно стабильная
