Талғар ауданының Өстемір ауылы маңында орналасқан "Саз Талғар №2" су қоймасында екі оқушы суға батып кетті. Оқиға туралы хабарлама 8 мамыр, жұма күні 112 желісіне түскен, деп хабарлайды "Адырна".
Ата-анасының қарауынсыз қалған екі кәмелетке толмаған жасөспірім демалуға арналмаған аумақта су айдынының маңында жүрген. Абайсыз әрекет салдарынан олар суға құлап кеткен.
Оқиға орнына Алматы облысы ТЖД күштері мен құралдары жедел жіберілді. Іздестіру-құтқару жұмыстары барысында құтқарушылар екі жасөспірімнің денесін судан алып шықты.
Алматы облысының ТЖД азаматтарды су айдындарында қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға, балаларды қараусыз қалдырмауға және қауіпті аумақтарға бармауға үндеді.
Новости по теме
