Көкшетауда аулаға кірген көлік әйелді басып кетті

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/86v5wH3cRy2tkwXch861my6qEAZdMn5SAVNIDbSL.jpg

Көкшетауда тұрғын үй ауласында адам өліміне әкелген жол апаты болды. Қайғылы оқиға видеоға түсіп қалған, деп хабарлайды "Адырна".

Кадрлардан автокөліктің тұраққа кіреберісте алдымен бордюрге соғылып, кейін әйелді қағып, үстінен басып өткенін көруге болады.

Бірнеше секундтан кейін көліктен орта жастағы әйел шыққан. Болжам бойынша, жол апаты кезінде рөлде сол отырған.

Ақмола облыстық полиция департаменті жол-көлік оқиғасына қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Комментарии