АҚШ президенті Дональд Трамп Иранның соғысты тоқтатуға қатысты америкалық жоспарға берген жауабын қабылдамады. Ал Ормұз бұғазындағы блокада әлі де жалғасып жатыр, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі BBC-ге сілтеме жасап.
Иран жексенбі күні АҚШ-тың келіссөздерді қайта жандандыру туралы ұсынысына жауап берді. Онда соғысты тоқтату мәселесіне, соның ішінде Ливандағы жағдайға басымдық берілгені айтылған. Иран мемлекеттік телеарнасының хабарлауынша, Тегеран қайтадан әскери шығын үшін өтемақы талап етіп, Ормұз бұғазы үстіндегі Иранның егемендігін мойындауды талап еткен.
Сондай-ақ Иран АҚШ-тан әскери-теңіз блокадасын тоқтатуды, болашақта шабуыл жасалмайтынына кепілдік беруді, санкцияларды алып тастауды және иран мұнайын сатуға қойылған тыйымды жоюды сұраған. Алайда Ақ үй басшысы Иранның ұсынысын қабылдамаған.
Бұған дейін АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздерге делдал болып отырған Пәкістан премьер-министрі Шехбаз Шариф Тегеран жоспарының алынғанын растаған еді.
АҚШ өз ұсыныстарын ресми түрде жариялаған жоқ. Бірақ БАҚ мәліметінше, сөз Иранның ядролық бағдарламасы бойынша келіссөздерге жол ашуы мүмкін 14 тармақтан тұратын меморандум туралы болып отыр.
Жексенбі күні Трамп Truth Social желісінде Ираннан келген жауаппен танысқанын жазды.
«Маған ол ұнамады. Мүлде қабылдауға болмайды!» — деп мәлімдеді АҚШ президенті.
Ол америкалық жоспардың нақты мазмұнын да, Иран жауабының егжей-тегжейін де ашып айтқан жоқ.
При поддержке Фонда «Samruk-Kazyna Trust» в Атырауской области начались бесплатные профессиональные курсы для многодетных матерей
