Жәдігерге аты мен көлігінің нөмірін жазған азамат қамауға алынды

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/CSAYR5gtApXAdJYa72Jt3IGTmhgPFD4DRKwKOigM.jpg

Маңғыстауда Ыбықты Сай шатқалындағы тас жәдігерге өз аты-жөні мен автокөлік нөмірін жазған азамат қамауға алынды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Polisia.kz-ке сілтеп.

Полицияның мәліметінше, құқық бұзушылық әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында анықталған. Кейін күдіктінің Маңғыстау облысының 21 жастағы тұрғыны екені белгілі болды.

Ведомство дерегіне сәйкес, аталған факті бойынша вандализм бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Сот шешімімен азаматқа 25 тәулік мерзімге әкімшілік қамау жазасы тағайындалып, ол уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Құзырлы органдар табиғи нысандарға, тарихи-мәдени мұра объектілеріне және ескерткіштерге жазу жазу немесе зақым келтіру заңмен қатаң тыйым салынатынын ескертіп, мұндай әрекеттер әкімшілік әрі қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін мәлімдеді.

Комментарии