Тағы да жасөспірім айдаған көлік оқушыны қағып кетті

216
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/tKSeAydyLczcBy1vY5Y62bduo457Bo3KXyoAMAfl.webp

Алматы облысының Түрген ауылында жасөспірімдер отырған көлік 12 жастағы баланы қағып кеткен, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Оқиғадан кейін жоғары сынып оқушылары зардап шеккен баланы жол апаты болған жерден алып кетіп, ешкімге айтпауын талап еткен деген ақпарат тарады.

Алдын ала мәлімет бойынша, көлік ішінде 11-сыныптың бес оқушысы болған. Әлеуметтік желіде жарияланған видеода жасөспірімдердің баланы мектеп жағына алып бара жатқан сәті көрінеді. Сондай-ақ оқиғаға қатысы бар оқушылардың бірі көлікті жасыру үшін оқиға орнынан кетіп қалғаны айтылды.

Жәбірленуші тараптың сөзінше, баланы шамамен 30-40 минут бойы ұстап тұрған. Кейін оқушылар зардап шеккен баламен бірге мектепке барып, мұғалімге оны мопед қағып кеткенін айтқан. Алматы облыстық полиция департаменті кәмелетке толмаған жүргізушінің анықталып, жауапкершілікке тартылғанын хабарлады. Сонымен қатар оның ата-анасына қатысты екі әкімшілік бап бойынша шара қолданылған.

Полиция өкілдерінің мәліметінше, оқиғаға қатысы бар өзге тұлғалардың әрекетіне де құқықтық баға беріледі. Қорытынды процессуалдық шешім медициналық сараптама нәтижесі мен зардап шеккен баланың ауруханадан шыққаннан кейін қабылданады.

Бұдан алдын 13 жастағы жасөспірім әкесінің рұқсатынсыз көлік айдап, апатқа түсіп қаза тапқан

Комментарии