АҚШ президенті Дональд Трамп Қытай Халық Республикасына жасаған үш күндік мемлекеттік сапарын аяқтап, Вашингтонға қайтып ұшты. Сапар аясында ол Пекинде Қытай төрағасы Си Цзиньпинмен жабық форматта кездесу өткізіп, түскі асқа қатысты.
Кездесу Қытайдың Үкімет резиденциясы - Чжуннаньхайда өтті. Келіссөздер барысында Таяу Шығыстағы жағдай мен Иранға қатысты шиеленіс негізгі тақырыптардың бірі болды. Тараптар Иранның ядролық қаруға ие болуына жол бермеу және Ормуз бұғазындағы теңіз қатынасының еркіндігін сақтау қажеттігі жөнінде ортақ ұстаным білдірді.
Сонымен қатар екі ел көшбасшылары Тайвань мәселесін, АҚШ-тың жартылай өткізгіш чиптер экспортына енгізген шектеулерді және екіжақты сауда қатынастарын талқылады.
АҚШ делегациясының құрамы ерекше болды. Президентпен бірге Қаржы министрі Скотт Бессент, отбасы мүшелері, сондай-ақ ірі технологиялық компаниялардың жетекшілері - Илон Маск, Тим Кук және Nvidia компаниясының басшысы Дженсен Хуанг қатысты. Хуанг Аляскадағы жанармай құю кезінде делегацияға қосылған.
Сарапшылардың пікірінше, ірі технология компаниялары басшыларының сапарға қатысуы Қытай нарығына қолжетімділікті кеңейту және екі ел арасындағы сауда шиеленісін жұмсарту мақсатымен байланысты.
Дональд Трамп 2017 жылдан бері алғаш рет Қытайға жасалған бұл сапарды «абсолютті табыс» деп бағалады. Оның айтуынша, бірқатар тиімді келісімдер жасалып, бұрынғы түйткілді мәселелер шешілген.
Сапар қатаң қауіпсіздік шаралары аясында өтті. Бұл Вашингтон мен Пекин арасындағы дипломатиялық және экономикалық шиеленісті азайтуға бағытталған маңызды келіссөздердің бірі ретінде бағаланып отыр.
Высокогорный спортивный комплекс "Медеу" будет модернизирован: Ермек Маржикпаев провел отчетную встречу в регионе
