Қазақстандықтар музейге тегін кіре алады

123
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/sCn1GBY7x3rprbgSKf1J4VdLdjPYXofXeCPAghrD.jpg

Елімізде “Музей түні” акциясы өтеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

18 мамыр – Халықаралық музейлер күніне орай Қазақстанда дәстүрлі «Музей түні» акциясы өтпек. Осыған байланысты ел тұрғындары музейлерге түнгі уақытта тегін кіре алады.

Мәдениет министрлігінің мәліметінше, акция аясында еліміздің барлық өңіріндегі музейлер арнайы бағдарламалар дайындаған. Келушілер үшін тарихи квестер, театрландырылған қойылымдар, мультимедиялық жобалар, жарық және дыбыс шоулары ұйымдастырылады.

Мәдениет және ақпарат министрлігі хабарлауынша, Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі қабырғасында скрипкашы Назым Мұстафина өнер көрсетеді. Концертке гуманоид робот пен бионикалық робот-ит те қатысады.

Сондай-ақ акция барысында этномәдени бағыттағы бағдарламалар ұсынылады. Қонақтар ұлттық ойындармен танысып, қолөнер шеберлерінің жұмыстарын көріп, этноауыл атмосферасын сезіне алады. Бұдан бөлек, киіз үйдегі түнгі шай ішу, жұлдызды аспанды бақылау секілді астротуризм элементтері де қамтылған.

Комментарии