Абайда 75 балабақша қызметкерінің жеке дерегі тарап кеткен

213
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/K7JvxeZaDfIxnGAo1w45P5MGSzMihFidy1aatjIc.webp

Абай облысында балабақшалардың бірінде 75 қызметкердің жеке дерегі тарап кеткен. Бұл туралы Курчатов қаласының прокуратурасы анықтады, деп хабарлайды "Адырна". 

Ақпаратқа сәйкес, білім беру мекемесі қызметкерлерді мерзімдік медициналық тексеруден өткізу бойынша конкурс жариялағанда қызметкерлерінің ЖСН-ін және өзге де құпия ақпаратты қамтитын тізімді де орналастырып жіберген.

Мекеме басшысы талаптарды сақтамағандықтан да азаматтардың дербес дерегі тарап кетіп отыр. Бұған жауапты басшылыққа 432 мың теңге көлемінде айыппұл салды.

«Прокуратура қабылдаған шаралар нәтижесінде көрсетілген бұзушылықтар жойылып, кінәлі лауазымды тұлға ҚР ӘҚБтК 79-бабы 2-бөлігі (Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын бұзу) бойынша 432 500 теңге мөлшерінде айыппұл салумен әкімшілік жауаптылыққа тартылды», – деп жазылған құзырлы орган өкілдері таратқан хабарламада.

 

Комментарии