«Президенттің туысы». Даулы болған «VD Stroy Engineering» басшысы уәжін айтты

308
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/uLpem2u2zY9LXYQy4gN32H1NBUVHlfz1nKUlesl3.jpg

«VD Stroy Engineering» компаниясының басшысы Азамат Үсімбеков өзіне қатысты айтылған айыптауларға алғаш рет пікір білдіріп, компанияның президенттің туыстарымен байланысы бар деген қауесеттерге жауап берді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Ulysmedia-ға сілтеме жасап.

Соңғы айларда бұл компания түрлі даулы оқиғалардың ортасынан жиі көрініп жүр. Соның бірі — журналист Ботагөз Омароваға қатысты қылмыстық іс. Ол іс журналистің “VD Stroy Engineering” туралы жарияланымдарымен байланысты.

Журналист неге кәсіпкерлер мен жұмысшылар арасындағы даудың қақ ортасында қалды? Компанияның артында кім тұр? Оның билікке жақын адамдармен байланысы бар ма? Ал Үсімбековтің өзі “VD Stroy Engineering”-ке қатысты сын-ескертпелерге не дейді? Дерек пен дақпырттың ара-жігін ажырату үшін Ulysmedia.kz Азамат Үсімбековті ашық сұхбатқа шақырды.

Сұхбат барысында мына мәселелер талқыланды:

– Ботагөз Омарова ісі;
– жұмысшылар және мердігерлермен болған дау;
– “Азаттық” материалы мен президенттің туыстарымен байланыс туралы әңгімелер;
– тендерлер мен миллиардтаған инфрақұрылымдық жобалар;
– қоғам талқылап отырған өзекті сұрақтар.

36 жастағы кәсіпкердің айтуынша, оның әкесі құрылыс саласындағы бизнесті осыдан 20 жылдан астам уақыт бұрын Ақтөбеде бастаған. Қазір бұл бағытты отбасы республикалық деңгейде дамытып отыр. Үсімбеков өздерінің ешқашан билікпен байланысы болмағанын айтады.

 

Комментарии