Руслан Желдібай Президенттің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды

355
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/jZIyMGFqJM1oYOoYGWyVLkpOfk2UFV4igtI1IQ8p.jpg

Руслан Желдібай Қазақстан Республикасы Президентінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұған дейін ол мемлекет басшысының көмекшісі әрі баспасөз хатшысы қызметін атқарған.

2026 жылдың қаңтарында Қасым-Жомарт Тоқаев президенттің баспасөз хатшысы қызметінен Руслан Желдібайды босатып, оның орнына Айбек Смадияровты тағайындаған еді.

Айта кетейік, Руслан Желдібай Жамбыл облысында туған. Еңбек жолын «Қазақстан» телерадиокорпорациясы арнасында бастаған. Кейін «Алматы» телеарнасында жұмыс істеген. Одан кейін мемлекеттік ақпараттық саясат саласында және Президент Әкімшілігінде түрлі лауазымдарды атқарды.

2022 жылдан бері бірнеше рет президенттің баспасөз хатшысы қызметіне тағайындалып, сондай-ақ президент көмекшісі және кеңесші міндеттерін атқарған.

Сонымен қатар, 2025 жылдан бастап Халықаралық дзюдо федерациясы комиссиясының директоры ретінде тіркелген. Ал 2026 жылы Конституциялық реформа жөніндегі комиссия құрамына енген.

Комментарии