Германияда Путинді қолдаған ресейлік әншінің концерті өтпейтін болды

191
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/wIQti0J0oxauwJj2rYTDYKPAgh8jV4wnf72sfUJH.jpg

Германияда ресейлік әнші Славаның концерті өтпейтін болды. Бұл туралы әншінің директоры Николай Макаров айтты, деп хабарлайды «Адырна»тілшісі  РИА Новостиге сілтеме жасап.

Макаровтың айтуынша, бұл жағдайға әнші визасының күші жойылуы себеп болған. Ол мұны Владимир Путиннің саясатын қолдаған мәлімдемелерімен байланыстырады. Ресейтілді диаспора алдында өнер көрсету үшін испаниялық виза орталығы арқылы Шенген визасы рәсімделген. Алайда екі күн бұрын виза күшін жойған. Дегенмен, Славаның өкілдеріне бас тарту себептері ресми түрде хабарланбаған.

Әншінің директоры бұл шешімді саяси астары бар қадам деп атады.

«Қалай болғанда да, бұл — толықтай саяси шешім. Оның әділдігіне баға берудің мәні жоқ. Әнші тек шетелдегі отандастарының алдында өнер көрсетіп, Ресей мәдениеті мен тілін Германияға тағы бір мәрте таныстырып, қолдау көрсеткісі келді. Ол Еуропаға жай ғана демалу үшін барған жоқ», – деді Макаров.

Комментарии