Екі Амур жолбарысының шөнжігі дүниеге келді

115
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/5HICiVAVIb7MRa4lD9HjOTMSLqHAXCXmrfIQJgCF.webp

Қарағанды хайуанаттар бағында Амур жолбарыстары Мия мен Батырдың екі шөнжігі дүниеге келді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Хайуанаттар бағы қызметкерлерінің мәліметінше, шөнжіктер 30 сәуір күні туған. Олар мерзімінен бұрын дүниеге келгендіктен өте әлсіз болған. Туған кездегі салмақтары небәрі 450 және 530 граммды құраған.

Алғашқы күндері барлық жаңа туған мысық тұқымдастары сияқты олардың көздері ашылмаған және ерекше күтімді қажет еткен. Алайда бір айдың ішінде шөнжіктердің жағдайы айтарлықтай жақсарған. Қазір олардың әрқайсысының салмағы екі келіден асып кеткен.

Мамандардың айтуынша, жолбарыс шөнжіктері жақсы қоректеніп, қарқынды өсіп келеді.

"Мия аналық міндетін өте жақсы атқарып жатыр. Олар белсенді, жақсы дамып келеді және күн сайын ширап жатыр", – дейді хайуанаттар бағының қызметкерлері.

Амур жолбарысы әлемдегі ең сирек кездесетін жолбарыс түрлерінің бірі саналады. Сондықтан мамандар бұл оқиғаны жыртқыштардың сирек түрін сақтауға бағытталған маңызды жетістік деп бағалап отыр.

Айта кетейік, бұған дейін Ресей президенті Путиннің Мемлекет басшысы Тоқаевқа төрт Амур жолбарысын сыйлағаны хабарланған еді.

Комментарии