“Алматыдан кетпесең басыңды жұлып аламын" деп қорқытты – Жұмабек Ашуұлы

255
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/qNg41RRfgn1H06OPHgI0j29SlKqgusfCJaxCeDCy.jpg

Республикалық саяси қуғын-сүргін құрбандарына ұшырағандар қауымдастығының төрағасы Жұмабек Ашуұлы “Адырна” ұлттық порталы YouTube арнасына сұхбат берді.

Сұхбатта ХХ ғасырдағы қазақ қоғамының ең ауыр кезеңдері, ашаршылық, саяси репрессия және тарихи жадыны сақтау мәселелері кеңінен қозғалды. Ол ұлт тарихындағы қайғылы беттерді ұмытпау, құрбандарды қадірлеу және бүгінгі ұрпақтың жауапкершілігі туралы ойларын ортаға салды.

Сұхбат барысында Жұмабек Ашуұлы Кеңес билігі кезеңінде қазақ жерінде шамамен 500-ге жуық көтеріліс болғанын атап өтті. Оның айтуынша, бұл деректер ұлттың отарлық саясатқа қарсы күресінің ауқымын көрсетеді.

Сонымен қатар ол ашаршылық жылдарындағы демографиялық апат туралы айтып, «10 миллион қазақтан небәрі 2,4 миллионы ғана аман қалды» деген деректі келтірді. Бұл кезеңді ол қазақ халқының тарихындағы ең ауыр трагедиялардың бірі ретінде сипаттады.

Сұхбатта Бекболат Жанпейісұлының тағдыры да ерекше аталды. Оның айтуынша, бұл тұлға ұзақ жылдар бойы есімсіз, нөмірмен өмір сүрген кезеңдерді бастан өткерген. Жұмабек Ашуұлы Бекболат атамен танысуы мен оның өмір жолына қатысты деректерді бөлісті.

Сұхбатта ашаршылықтың адам организмі мен психологиясына ұзақ мерзімді әсері туралы да сөз болды. Ол қиыншылықтан өткен адамдардың өмір сүру ұзақтығы мен төзімділігі туралы пікір білдіріп, тарихи травманың ұрпақ санасына әсері жайлы ой қозғады.

Комментарии