Үкімет 2025 жылы өнеркәсіп пен цифрландыруды дамытуды жалғастырды

206
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/LWjdF1CZJ1HL8JtHsjPZTf9Kl7D9ARXAEiCOCRKe.jpg

Үкімет 2025 жылы өнеркәсіп, көлік, энергетика, цифрландыру мен терең өңдеу салаларын белсенді дамыту бойынша жұмыстарды жалғастырды. Негізгі бағыттардың бірі – автомобиль жасау, жасанды интеллект және технологиялық экожүйені дамыту. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында қаржы министрі Мәди Такиев мәлімдеді.

«Үкімет өнеркәсіп, көлік, энергетика, цифрландыру мен терең өңдеу салаларын белсенді дамыту бойынша жұмыстарды жалғастыруда. Автомобиль жасау саласында, Қостанай облысындағы KIA зауыты және Алматы қаласындағы «Астана Моторс» мультибренд зауыты іске қосылды. Жалпы,  жыл сайын шығарып отырған 160 мың автомобиль, бұл саланы едәуір ұлғайтуға мүмкіндік берді», – деді Мәди Такиев.

Цифрландыру және жасанды интеллект саласында Alem.AI Халықаралық жасанды интеллект орталығы ашылды. Alem.AI тұжырымдамасы шеңберінде Жасанды интеллект саласында мыңдаған мамандар даярлау, жыл сайын жүздеген стартаптар мен ондаған зерттеу жобаларын қолдау жоспарланып отыр.

«20 жоғары оқу орны базасында жасанды интеллект бойынша мамандар даярлау басталса, «Болашақ» бағдарламасы бойынша жеке квота енгізілді. Astana Hub – технологиялық компаниялар мен стартаптарға арналған алаң ретінде дамуын жалғастыруда. Онда 2 200-ден астам IT-компания, оның ішінде 500-ден астам шетелдік компаниялар тіркелген»,— деді қаржы министрі.

Комментарии