Бүгін, 18 маусымда АҚШ пен Иран электронды форматта алдын ала бейбіт келісімге қол қойды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі BBC-ге сілтеме жасап.
Меморандум атысты тоқтату режимін түпкілікті бітімге келу үшін 60 күнге ұзартады.
«Құжатқа қол қойылды. Версальда қол қойылды»,–деді Ақ үй басшысы Дональд Трамп Франция президенті Эммануэль Макронмен Версаль сарайында өткен кездесуден кейін.
Келісімге Иран президенті Масуд Пезешкиан да қол қойған. Меморандум барлық майданда, соның ішінде Ливанда әскери іс-қимылдарды тоқтатуды, Тегеранға қарсы санкцияларды алып тастауды және Иранды қалпына келтіру қорын құруды көздейді.
АҚШ тарапы барлық тармақтың орындалуы Иранның ұстанымына байланысты болатынын мәлімдеді. Дональд Трамп егер екі ай ішінде түпкілікті келісімге қол жеткізілмесе, жаңа әуе соққылары болуы мүмкін екенін ескертті.
Еске салайық, Вашингтон мен Тегеран келісімге 19 маусым күні Швейцарияда ресми түрде қол қоюды жоспарлаған еді. Енді бұл рәсім өтпеуі мүмкін.
Кто виноват в том, что Папа Римский говорил казахам не о святой Мариям-Ана, а нес чушь о шельпеках и домбре?
