22 маусым күні Алматыдағы «Арман» кинотеатрында «Әбіл» фильмінің жабық премьералық көрсетілімі өтді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі ҚазТАГ-қа сілтеме жасап.
Фильм қазақ тілінде ұсынылды.
Бұған дейін қазақстандық режиссер Елзат Ескендірдің «Әбіл» фильмі Франция кинотеатрларында көрсетілген еді.
«Әбіл» толықметражды көркем фильмінің қоюшы-операторы Йоланта Дылевска мен актер Ерлан Төлеутай 24-і Dhaka International Film Festival-де "Үздік қоюшы-оператор" және"Үздік актер" жүлделеріне ие болғаны белгілі. Биыл ақпан айында Францияның Нант қаласында өткен халықаралық Univerciné à l'Est 2026 кинофестивалінде «Әбіл» фильмі фестиваль жеңімпазы атанып, оған қоса қос бірдей жүлдеге де ие болған.
Атап айтқанда:
Jury Grand Prize (Қазылар алқасының бас жүлдесі)
Critical Jury Prize (Киносыншылар алқасының жүлдесі)
NETPAC Jury Prize (NETPAC қазылар алқасының жүлдесі)
Айта кетейік, фильм Кеңес одағы құлап, колхоз-совхоз тарап, мал-мүлік бөліске түсіп, елде приватизация орын алған кезеңдегі қиянатқа ұшыраған қарапайым адамдар мен қараусыз қалған қазақ ауылындағы бейберекетсіздікті суреттейді. Сол арқылы кинотуынды тәуелсіздік басындағы күрделі уақыт аясындағы қазақ халқының рухани кейпіне, психологиялық күйіне әлеуметтік талдау жасайды. Фильмде кеңестік жүйе кезіндегі адам өмірінің құнсыздығы, қазақ халқының бастан кешкен жағдайы, тұрмыс қалпы, өз елінде, өз жерінде дискриминацияға түскендігі, социализмнен капитализмге ауысу тұсындағы екіұдай сезім, сонымен қатар жемқорлықтың пайда болуы жайлы да ой қозғайды.
«Әбіл» фильмінің әлемдік премьерасы 29-Бусан халықаралық кинофестивалінде өткен. Одан кейін сапары Гонконг халықаралық Азия кинофестивалі, Скандинавия өңірінің ең басты 48-Гетеборг халықаралық кинофестивальдарына қатысумен жалғасып, аудиторияның үлкен қызығушылығын тудырған.
В рамках акции “Закон и порядок” прошла выставка “Kazakhstan Prevention Days” по предупреждению правонарушений
Шолпан Корганбек посвятила кюй великому поэту, философу-гуманисту, композитору Абаю Кунанбаеву (видео)
