Сәбиімен курьер болған адамның көшіп кеткені айтылды

229
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/SyZleI21hJ5XmQtby1Fu2mx1ZnQNeyy3LnGVpP2L.webp

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Төлекбаев сәбиін көтеріп, курьер болып жұмыс істеген әйелдің отбасы Алматыдан көшіп кеткенін мәлімдеді. Бұл туралы Сенат кулуарында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Тұяқбай айтты, деп хабарлайды "Адырна".

Вице-министрдің айтуынша, желіде жазба жариялғаннан кейін Алматы қаласының әлеуметтік қорғау басқармасы отбасымен жедел байланысып, көмек ұсынған.

«Бұл жазба шыққан бойда Алматы қаласының әлеуметтік қорғау басқармасы дереу іске көшті. Олардың үйіне барып, жұмысқа орналастыру бойынша ұсыныстар жасалды. Алайда отбасы одан бас тартты», – деді Ербол Тұяқбай.

Вице-министр кейінірек отбасының өз еркімен Алматыдан көшіп, қазіргі уақытта Шымкент қаласында тұрып жатқанын айтты.

«Олар Алматы қаласынан өз еркімен көшіп кетті. Қазір бұрын өмір сүрген жері – Шымкентте тұрып жатыр. Ешқандай қысым болған жоқ. Бұл шешімді ата-аналарымен ақылдаса отырып, өздері қабылдаған. Неліктен көшкенін білмейміз. Бұл – отбасының жеке шешімі. Мүмкін ата-анасы қайта шақырған болар. Бірақ кеше ғана нақтылап сұрастырдым, Шымкент қаласының әлеуметтік қорғау басқармасы бұл ақпаратты растады. Ешқандай қысым көрсетілмеген», – деп қосты вице-министр.

Айта кетейік, осыған дейін желіде Алматы көшелерінде сәбиін көтерген ананың курьер болып жүрген суреті жарияланған болатын.

Комментарии