Пашинян «армян геноцидін» мойындауға қатысты пікір білдірді

190
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/Srta3M6NNYivPEdgw1z8mC8nEu4vlULB4X5o1qlj.jpg

Армения премьер-министрі Израильдің 1915 жылғы оқиғаларды «армян геноциді» ретінде ресми тану туралы шешіміне қатысты жауап берудің қажеті жоқ екенін айтты, деп хабарлайды "Адырна".

Бұл туралы ол «Азаматтық келісім» партиясы басқармасының отырысынан кейін журналистерге берген сұхбатында айтты.

«Біз бұл мәселеге жауап қайтарудың қажеті жоқ деп есептейміз. Өйткені армян геноциді тақырыбын саяси құрал ретінде пайдалануға араласпау Армения Республикасының ұлттық мүддесіне сай келеді», – деді Никол Пашинян.

Еске салайық, 28 маусымда Израиль үкіметі сыртқы істер министрі Гидеон Саар ұсынған 1915 жылғы оқиғаларды «армян геноциді» ретінде ресми тану туралы ұсынысты бірауыздан мақұлдады. Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху да бұл шешімді қолдайтынын мәлімдеген.

Комментарии