Ресейдегі ең ірі мұнай өңдеу зауыттарының бірі, Қазақстан шекарасына жақын орналасқан Омбы мұнай өңдеу зауыты алғаш рет шабуылға ұшырады. ASTRA басылымының хабарлауынша, 6 шілде күні күндіз куәгерлер Омбы мұнай өңдеу зауытына (ОМӨЗ) жасалған соққы туралы жариялаған, деп хабарлайды “Адырна”.
Түсірілген бейнежазбаларда өнеркәсіптік нысанда өрт шыққаны көрінеді. ASTRA-ның OSINT-талдаушысының мәліметінше, соққы дәл Омбы мұнай өңдеу зауытына тиген.
Омбы облысының губернаторы Виталий Хоценко дрондар шабуылын және бірнеше нысанның зақымданғанын растады, алайда мұнай өңдеу зауыты туралы нақты айтқан жоқ.
«Ресей Қорғаныс министрлігінің әуе қорғанысы күштері қарсыластың шабуылын тойтаруды жалғастырып жатыр. Бірнеше ұшқышсыз ұшу аппараты Омбының солтүстік өнеркәсіптік аймағына жете алды. Оқиғаның салдарын жою үшін жедел қызметтер қажетті шараларды қабылдап жатыр», - деді ол.
Бұған дейін, шамамен жарты сағат бұрын, Хоценко Омбы облысы үстінде бірнеше ұшқышсыз аппараттың әуе қорғанысы күштерімен жойылғанын хабарлаған еді. Ал шабуыл туралы алғашқы мәлімдемеден бір жарым сағат бұрын әскери мәліметке сүйене отырып, өңірде дрон қаупі жарияланғанын айтқан.
Dnepr Osint дерегінше, шабуыл жаңа үлгідегі FP-1 жаңғыртылған ұшқышсыз аппараттарымен жасалған.
«Жаңғыртылған FP-1 ұшқышсыз ұшу аппараттары Украина шекарасынан 2500 шақырымнан астам қашықтықта орналасқан Омбы мұнай өңдеу зауытының ЭЛОУ-АВТ-11 қондырғысына соққы берді. Технологиялық колонналарға дәл тигені тіркелді», – делінген хабарламада.
Омбы мұнай өңдеу зауыты «Газпром нефть» компаниясына тиесілі. 2025 жылы аяқталған жаңғырту жұмыстарынан кейін кәсіпорын мұнайды өңдеу тереңдігін 100%-ға дейін жеткізген. 2024 жылы зауыт 50-ден астам өнім түрін өндірген, шығарылатын отынның барлығы «Еуро-5» экологиялық стандартына сәйкес келеді. Кәсіпорында 3,3 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Компанияның мәліметінше, бұл Ресейдегі ең ірі он мұнай өңдеу зауытының бірі және Украина шекарасынан шамамен 2900 шақырым қашықтықта орналасқан.
Бұған дейін Омбы облысының губернаторы бензин мен дизель отынын канистрлерге құюға қойылған тыйымның күшін жойғанын хабарлаған.
Украиналық мониторингтік арналар Ресейдегі ең ірі мұнай өңдеу зауыты саналатын Омбы мұнай өңдеу зауытына шабуыл жасалғанын хабарлады.
Жылына 22 миллион тоннадан астам мұнай өңдеу қуатына ие Омбы мұнай өңдеу зауыты «Газпром нефть» компаниясына қарайды. Кәсіпорын Ресейдің ішкі нарығына жеткізілетін бензиннің елеулі бөлігін өндіреді, сондай-ақ экспортқа да өнім шығарады. Мониторингтік арналардың мәліметінше, зауыт Украина шекарасынан шамамен 2,5 мың шақырым жерде орналасқан.
О ситуации и проводимых мерах по предупреждению завоза и распро-странения в РК коронавирусной инфекции
Шымкент: В Енбекшинском районе сделали предупреждения 42 объектам, из-за несоблюдения карантинного режима
