Желтоқсан шындығы: 40 жыл бойы айтылмаған құпиялар

125
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/92M8kMcDfuy2D6xKFTjX7mlka9BT4RonmHmtr2sd.jpg

«Адырна» ұлттық порталының YouTube арнасына берген сұхбатында зерттеуші Болатбек Төлепберген 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының тарихи маңызы, оған қатысты даулы мәселелер мен әлі де толық зерттелмеген деректер жөнінде пікір білдірді.

Зерттеушінің айтуынша, биыл Желтоқсан оқиғасына 40 жыл толып отыр. Ол ең алдымен Желтоқсанды «оқиға» емес, ұлттық сипаттағы көтеріліс ретінде бағалау қажеттігін атап өтті. Оның пікірінше, жастардың алаңға шығуына Қазақстан Компартиясы басшылығына сырттан басшы тағайындалуы ғана емес, ұлттық мүдденің ұзақ уақыт бойы ескерілмеуі де себеп болған.

Сұхбат барысында Болатбек Төлепберген Желтоқсан көтерілісінің ұйымдастырылуы, сол кезеңдегі биліктің әрекеті және көтеріліске қатысушыларға қатысты жүргізілген тергеу жұмыстары туралы айтты. Оның сөзінше, көтерілісті тергеуге арнайы Ресейден мамандар тартылып, жастарды жазалау үшін арнайы жасақтар құрылған.

Зерттеуші Желтоқсан көтерілісінің Кеңес Одағының ыдырауына ықпал еткен тарихи оқиғалардың бірі болғанын айтып, сонымен қатар Қазақстанның тәуелсіздігін неге одақтас республикалардың ішінде ең соңғылардың бірі болып жариялағанына қатысты өз көзқарасын білдірді.

Комментарии