Түркия Нетаньяхуға халықаралық іздеу жариялады

257
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/Q0Q4D7lCIITZbx55SKZ878cW0uVkpBJo6VsMR2K0.jpg

Ыстанбұл соты Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхуға адамзатқа қарсы қылмыстар жасады деген айыппен қамауға алу туралы ордер берді. Бұл туралы Turkiye Today басылымы жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Сот прокуратураның оны халықаралық іздеуге жариялау үшін Интерполға сұрау жолдау туралы өтінішін қанағаттандырған.

Шешім Биньямин Нетаньяху мен Израильдің басқа да лауазымды тұлғаларына қарсы берілген талап-арызды қарау қорытындысы бойынша қабылданған. Талап-арыз 2025 жылдың қазан айында Израиль билігі Газа секторына бара жатқан кезде тоқтатқан «Бостандық флотилиясы» оқиғасына байланысты қозғалған.

2025 жылдың қарашасында Ыстанбұл соты осы іс бойынша Биньямин Нетаньяху мен Израильдің өзге де ресми өкілдерін қамауға алу туралы алдын ала ордер шығарған болатын. Айыптар тізіміне геноцид, қасақана зиян келтіру, азаптау, ауырлататын мән-жайлардағы тонау, мүлікті бүлдіру, заңсыз бас бостандығынан айыру және көлік құралдарын айдап әкету баптары енгізілген.

Биыл сәуір айында Ыстанбұл прокуратурасы іс фигуранттарын ауырлататын мән-жайлармен өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұраған. Ведомствоның мәліметінше, халықаралық теңіз құқығы нормаларына сәйкес түрік соттары бұл істі қарауға юрисдикцияға ие.

Комментарии