“Ағалар айтпады” демесін деп айтып жатырмыз. Әйтпесе, “ләм-мим демей” отыра беруге болады

106
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/UNicz4eXUIFoZINB9vC8Q0wK1zIA3Llc6kgQgrix.jpg

“Ләмин Ямаль бүгін ләм-мим дейтіні анық” дегендей сөз саптады “Қазспорт” коментаторы. Қате! Бұзуға келмейтін, балталауға болмайтын сөз тіркестері болады. “Ләм-мим демеді” - соның бірі. Оны “ләм-мим деді” деп қолдануға болмайды.

“Көңіл көншімеді, көңілді көншітпеді” деген тіркестер бар. Осыны “көңілі көншіді” деп соғатындар шықты. Яғни оңды - теріске, терісті оңға айналдыра салады. “Көңіл көншімедінің” оң варианты - “көңілі толды” ,” ырза болды” бастатқан біраз сөз бар ғой. 

“Ат ізін салмады” деген тұрақты сөз тіркесін де “ат ізін салды” деп ұра салатын болдық. Мұның оң варианты - “Ат басын тіреді”, “ат басын бұрды” емес пе еді?!
 
“Айтарлықтай” деген де солай. “Айтарлықтай емес”, “айтарлықтай өспепті”, “ауыз толтырып айтарлық емес”деп қолданылады. Осыны “айтарлықтай өскен” ,” ауыз толтырып айтарлықтай екен” деп айтып-жазып жүр. Дені - жастар.

“Ағалар айтпады” демесін деп айтып жатырмыз. Әйтпесе, “ләм-мим демей” отыра беруге болады. Ямальды бала күнінде шомылдырған Месси секілді қазақтың жас журналистерін Қайнар Олжайға “қырқынан шығартып “ алса болар еді, біз де су құйып тұрудан қашпас едік).

Есболат Айдабосын

Комментарии