АҚШ президенті Дональд Трамп Иран Ормуз бұғазындағы кез келген кемеге зымыранмен, ұшқышсыз ұшу аппаратымен немесе өзге де қару түрімен шабуыл жасаған сайын, АҚШ жауап ретінде Ирандағы бір көпірді немесе бір электр станциясын жоятынын айтты. Бұл туралы ол өзінің Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды "Адырна".
«Осы сәттен бастап Иран Ислам Республикасы Ормуз бұғазындағы кез келген кемеге зымыранмен, дронмен немесе басқа да қару түрімен соққы жасаса, АҚШ Ирандағы бір көпірді немесе бір электр станциясын, соның ішінде астана Тегеранның маңында немесе оның аумағында орналасқан нысандарды бомбалап, жояды», – деп жазды Дональд Трамп.
Новости по теме
