Орталық Азия әлемдегі ең қарқынды дамып келе жатқан туристік өңір атанды

197
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/bbVmqRyFfawY3TSIkhFWJ6t3pvn4My47Bh6UBeV6.jpg

Дүниежүзілік саяхат және туризм кеңесінің (WTTC) 2025 жылғы есебіне сәйкес, Орталық Азия әлемдегі ең жылдам дамып келе жатқан туристік өңір ретінде танылды. Сарапшылардың мәліметінше, өңірдегі туристік саланың экономикаға қосқан үлесі бір жыл ішінде 17,7%-ға өсіп, 20,1 млрд АҚШ долларына жеткен.

Бұл көрсеткіш Солтүстік-Шығыс Азиядағы 8,7% және Оңтүстік-Шығыс Азиядағы 7,6% өсім қарқынынан айтарлықтай жоғары. WTTC өңірдегі туризм индустриясының тұрақты түрде дамып келе жатқанын атап өтті.

Есепке сәйкес, 2025 жылы Орталық Азияда туристердің жалпы шығыны 15,4 млрд АҚШ долларын құраған. Оның ішінде 9,9 млрд долларды шетелдік туристердің шығыны құраса, 5,5 млрд доллар ішкі туризмге тиесілі болған.

Сонымен қатар, қазіргі таңда өңірдің туристік саласы 1,7 миллион адамды жұмыспен қамтып отыр. Бұл көрсеткіш туризмнің Орталық Азия елдерінің экономикасындағы рөлінің артып келе жатқанын көрсетеді.

Мамандардың пікірінше, өңірге қызығушылықтың артуына туристік инфрақұрылымның жақсаруы, халықаралық әуе қатынастарының кеңеюі және тарихи-мәдени бағыттардың танымал болуы ықпал еткен.

Айта кетейік, бұған дейін де халықаралық ұйымдар Орталық Азияның туризм саласы қарқынды дамып келе жатқан өңірлердің бірі екенін мәлімдеген болатын.

Комментарии