Қала көшелерінде атпен жүрген ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды

97
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/BmoAagsIwerrFOAQM6FFA1prxnRhE9u9P0IPTXN3.png

Астанада қала көшелері мен тротуарларында атпен жүрген 35 жастағы ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы қалалық ПД хабарлады.

Полицияның мәліметінше, ер адам елордалық ойын-сауық орындарының біріне бейнеролик түсіру кезінде атпен тротуарлар мен жолдың жүру бөлігінде қозғалып, жаяу жүргіншілерге кедергі келтірген.

Сондай-ақ «Бәйтерек» монументіне бара жатқан жолда ат қиылыстардың бірінде тротуарды ластап, жасыл желекке зақым келтірген.

Тексеру қорытындысы бойынша ер адамның әрекеті абаттандыру саласындағы заңнама талаптарын бұзғаны анықталды.

Осыған байланысты оған қатысты екі әкімшілік бап бойынша материалдар рәсімделіп, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Комментарии