Тегеранда Каспий маңы елдерінің  конференциясы өтеді

183
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/urFAl0cLQt4btUAzOfX9JX1sd5dWjn8DprQZXtKG.webp

23 қыркүйекте Тегеранда Каспий маңындағы бес мемлекеттің жоғары лауазымды өкілдері қатысатын конференция өтеді. Бұл туралы Иран сыртқы істер министрінің орынбасары Казем Гарибабади мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Каспий жағалауындағы елдердің Тегеранға келуі өзара қызығушылық тудыратын мәселелерді талқылауға, екіжақты және көпжақты байланыстарды нығайтуға, пікір алмасуға және болашақта неғұрлым сындарлы ынтымақтастықтың негізін қалауға тамаша мүмкіндік бола алады. Біз бұл мүмкіндікті Каспий дипломатиясын нығайту үшін тиімді пайдалануымыз қажет», – деді ол.

Министрдің орынбасары өңірдегі соңғы оқиғалар, әсіресе Израиль мен АҚШ-тың Иран Ислам Республикасына қарсы жүргізген 40 күндік соғысы және оның салдары Каспий теңізінің геосаяси әрі стратегиялық маңызын қайтадан алдыңғы қатарға шығарғанын жеткізді.

Гарибабади Каспий қауіпсіздігі, ең алдымен, өңірлік және ішкі жауапкершілік екенін айтып, оны жағалаудағы мемлекеттердің өздері келісілген тетіктер арқылы қамтамасыз етіп, қолдап отыруы қажет екенін атап өтті.

Комментарии