Сайлау учаскесінде – «Ұлар» құсы

252
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/LKNRRnjNygF3v0obXV7inPAcDb5FW5F3MxBBUc2Z.jpg

Ұлытау облысы, Ұлытау ауданындағы №123 сайлау учаскесінде келушілерді ерекше кейіпкер – Ұлытаудың табиғи болмысын бейнелейтін «Ұлар» құсы қарсы алды. Ерекше формат сайлау күніне өзіндік сипат беріп, учаскеге келген тұрғындарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. «Ұлар» бейнесіндегі аниматор азаматтарды жылы қарсы алып, келушілермен естелік суреттерге түсті. 

Ұлар бейнесінің таңдалуының өзіндік мәні бар. Ұлар – Ұлытаудың табиғи ерекшелігі мен рухани болмысын сабақтастыратын символ. Биік тауларды мекендейтін бұл құс асқақтықты, еркіндікті, төзімділік пен өміршеңдікті бейнелейді. Ал Ұлытау – қазақ тарихындағы елдік пен бірліктің, ұлттық рух пен мемлекеттіліктің маңызды нышандарының бірі.
Осы тұрғыдан алғанда, №123 сайлау учаскесіндегі «Ұлар» бейнесі жай ғана ерекше образ емес, Ұлытаудың табиғаты мен тарихын заманауи форматта танытатын символдық шешім болды. Ұлардың биікке ұмтылған болмысы өңірдің болашаққа деген сенімімен, ал оның туған табиғатымен етене байланысы Ұлытауға деген сүйіспеншілікпен үндеседі.

Ұлар – табиғатта сирек кездесетін, таулы аймақтарды мекендейтін ерекше құстардың бірі. Оның табиғи ортаға бейімділігі, биік тауларды мекен етуі Ұлытаудың табиғи ландшафтымен тығыз сабақтас. Сирек кездесетін құстардың қатарындағы ұларды қорғау – өңірдің биоалуандығын сақтаудағы маңызды бағыттарының бірі. Сондықтан «Ұлар» бейнесін таңдау арқылы Ұлытаудың табиғи байлығын дәріптеу ғана емес, табиғатты аялау мен қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау құндылығы да насихатталды.

Комментарии