Алматы облысының әкімі Құрылтай депутаттарын сайлауда дауыс берді

282
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/l6oyZGRGOm55fQucFon0pRwDbTH1HeKpHyrpHUJW.jpg

Фото: Алматы облысының ӨКҚ

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Қонаев қаласындағы №949 сайлау учаскесінде дауыс берді. Өңір басшысы өз таңдауын жасаған соң, журналистерге сайлау барысы туралы айтып берді.

«Бүгін – еліміз үшін маңызды саяси күн. Мен де Алматы облысының тұрғыны әрі Қазақстан азаматы ретінде тіркелген сайлау учаскеме келіп, өз таңдауымды жасадым. Жалпы біздің өңірде миллионнан астам азамат дауыс беруге құқылы. Бүгін облыста 683 сайлау учаскесі жұмыс істеуде. Сайлаушыларға қажетті жағдайдың бәрі жасалған», – деді Алматы облысының әкімі.

Сондай-ақ ол бүгінгі сайлау нәтижелері еліміздің одан әрі дамуына оң әсер ететініне сенім білдірді. Бұл өзгерістер Қазақстан үшін жаңа әрі маңызды кезең екеніне тоқталды.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз Жолдауында бұл сайлау ұлт тағдырына тікелей әсер ететін тарихи оқиға екенін атап өтті. Саяси шара қоғамдық диалогты жаңа деңгейге көтеріп, еліміздің болашағын бірге айқындауға мүмкіндік береді»,– деді өңір басшысы.

Айта кетейік, бүгін сағат 07:00-ден бастап Алматы облысында 683 сайлау учаскесі жұмысын бастады. Сайлау барысын отандық және халықаралық байқаушылар бақылап отыр.

 

Комментарии