«Заңды құқығым бар». Тоқаев президенттікке қайта сайлану мүмкіндігі туралы айтты

268
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/ez88BTZHXCZVndTJHIsXRMwUwvVQjJjVxNqyKlLR.jpg

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің алдағы президент сайлауына қатысуы туралы қазірден пікір айтуға әлі ерте екенін мәлімдеді.
Бұл туралы Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазды "Адырна".

«Конституциялық сот осындай шешім қабылдады. Бұл шешім заңды, тиісінше менің қайта сайлануға заңды құқығым бар. Бірақ алдағы сайлау, сіз айтқандай, сайлауға барамын ба, бармаймын ба, қай жылы деген мәселеге қатысты қазір пікір айтуға әлі ерте. Себебі еліміздің алдында тұрған көптеген міндетті орындауымыз керек. Ең алдымен, бүкіл Қазақстанды, әсіресе азаматтарға қажетті әлеуметтік нысандар бойынша, үлкен құрылыс алаңына айналдыруымыз қажет», – деді Тоқаев.

Президент 2027 жылы өзінің президент сайлауына қатысу-қатыспауына қатысты нақтырақ жауап бере алатынын айтты.

«Сондықтан тағы бір кездесіп, сөйлесейік. Мүмкін, келесі жылы бұл сұраққа нақтырақ жауап берермін», – деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Конституциясына сәйкес, Президент жеті жылдық бір мерзімге сайланады. Биыл жаңа Конституция қабылданғаннан кейін Қазақстанның Конституциялық соты қайта сайлану қазіргі Президент үшін алғашқы президенттік мерзім болып есептелетінін мәлімдеген. Осыған байланысты Қасым-Жомарт Тоқаевтың келесі президент сайлауына қатысуына заңды мүмкіндік бар.

Қазіргі Президенттің өкілеттік мерзімі 2029 жылы аяқталады.

Комментарии