Мектепке бармас бұрын бала режимін қалыпқа келтіру керек – министрлік

257
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/ze49w2HH6ACkPbehSpyFxx7zxV8NBGeT8im0P9EC.jpg

Оқу жылы қарсаңында денсаулық сақтау министрлігі ата-аналарға үндеу жасады, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі. 

Министрлік балалардың ұйқы режимін алдын ала қалыпқа келтіруге кеңес берді. Ведомство мамандары каникулдан кейін бірден емес, мектептегі күн тәртібіне біртіндеп көшудің маңызын атап өтті.

Мамандардың мәліметінше, 6-12 жастағы балалар тәулігіне 9-12 сағат, ал 13-18 жастағы жасөспірімдер 8-10 сағат ұйықтауы қажет. Бірінші сынып оқушылары үшін оқу жүктемесі мен жаңа ортаға бейімделу кезеңіне байланысты күндіз 2 сағатқа дейін қосымша ұйықтауға болады.

Ұйқы режимін қалпына келтіру үшін денсаулық сақтау министрлігі:

* ұйықтау және ояну уақытын біртіндеп ертерек уақытқа ауыстыруды;
* ұйқыға дейін кемінде бір сағат бұрын гаджеттерді қолдануды және белсенді ойындарды тоқтатуды;
* демалыс күндерін қоса алғанда, күн сайын бірдей ұйқы кестесін сақтауды;
* жатын бөлмені желдетіп, ұйқы алдында кітап оқу немесе серуендеу сияқты тыныш әдеттерді қалыптастыруды ұсынады.

Министрлік толыққанды әрі тұрақты ұйқы баланың зейініне, есте сақтау қабілетіне, эмоционалдық жағдайына және оқу үлгеріміне тікелей әсер ететінін атап өтті.

Комментарии