Иран оңтүстік бағыттардағы тасымалдың тұрақсыздығына және Ормұз бұғазы төңірегіндегі белгісіздікке байланысты сыртқы сауданы елдің солтүстігі мен Каспий теңізі арқылы дамыту мүмкіндігін қарастырып жатыр, деп хабарлайды "Адырна".
Fars агенттігінің мәліметінше, сарапшылар бұл бағытты «Каспий экспресі» деп атап отыр. Ол Иранның солтүстік порттары арқылы Ресеймен және одан әрі Еуразияның көлік желісімен байланысын қамтамасыз етуі мүмкін. Каспий теңізі Ресей мен Қазақстаннан Иранға астық, ауыл шаруашылығы өнімдері, ағаш және шикізат жеткізу үшін пайдаланылуы ықтимал. Ал Иран бұл бағыт арқылы ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және құрылыс өнімдерін экспорттауды жоспарлап отыр.
Зерттеуде Каспий теңізінің Иран үшін маңызы тек аумақтық мәселелермен шектелмейтіні атап өтілген. Негізгі мәселе – сауда, транзит және экономикалық мүмкіндіктерден түсетін пайданы арттыру.
Сондай-ақ Иран президенті Масуд Пезешкиан Әзербайжанмен қарым-қатынасты жаңа деңгейге көтеру үшін жағдай жасау қажеттігін айтқан. Тегеран Каспий маңындағы Түрікменстанмен де ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын қарастырып отыр.
Новых резервистов в Президентский молодежный кадровый резерв будут отбирать с учетом отраслевых потребностей
