Ирандағы Оңтүстік Әзербайжан провинциясындағы Маку қаласының АХАТ бөлімі ата-анасының талаптары мен шағымдарынан кейін алты жыл өткен соң Чагры есімді балаға жеке куәлік рәсімдеді, деп хабарлайды "Адырна".
Чагры 2020 жылғы 26 шілдеде дүниеге келген. Алайда ата-анасы құжат алу үшін жүгінген кезде Маку қаласының АХАТ бөлімі бұл есімді «заңсыз» деп танып, балаға жеке куәлік беруден бас тартқан.
2025 жылғы мамыр-маусым айларында Маку қаласының сотының 3-бөлімі де «бұл есім қоғамда кең таралған есімдердің қатарына кірмейді» деген негізбен балаға жеке куәлік беруге қарсы шешім шығарған.
Чагрының ата-анасы әкімшілік және құқықтық күресін жалғастырып, жаңа талап арыз бергеннен кейін ғана баласының құжат алу құқығын қалпына келтіре алды.
Маку қаласының АХАТ бөлімі ақыры 2026 жылғы 29 шілдеде Чагрыға құжат рәсімдеді. Алайда бұл құжат оған туған күнінен бастап берілуі тиіс еді.
Пилотный проект "Вклад в развитие масштабирования здорового питания" реализуется в Акмолинской области
