Қашаған инвесторларымен 5 млрд долларлық дау. Министрлік мәлімдеме жасады

215
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/6dlvdKy3RNsMzXKEhoSlWjN3xX6QdOiLdTHziBaW.jpg

North Caspian Operating Company (NCOC) компаниясынан мемлекет пайдасына қаражат өндіріп алу жұмыстары жалғасуда. Бұл туралы бүгін, 9 қыркүйекте Әділет министрлігі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Қазіргі уақытта NCOC компаниясы мемлекеттік сот орындаушысының әрекеттеріне шағым түсіруіне байланысты Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты атқарушылық іс жүргізу материалдарын сұратқан.

Заңға сәйкес, сот атқарушылық іс жүргізуді талап еткен жағдайда, атқарушылық іс жүргізу оны сот қайтарғанға дейін тоқтатыла тұрады.

«Осылайша, NCOC компаниясынан мемлекет пайдасына қаражат өндіріп алу бойынша жұмыс заңда белгіленген тәртіппен жалғасатынын хабарлаймыз»,– деп түсіндірді министрлік.

Бұған дейін Қазақстан NCOC-тан өндірілмек болған 2,3 трлн (шамамен $5 млрд) теңге көлеміндегі экологиялық айыппұлды өндіріп алу жөніндегі атқарушылық іс жүргізуді уақытша тоқтатты деген ақпарат тараған еді.

Комментарии