Ресей Вьетнамға жергілікті әуе компанияларының ұшақтарын экипажы және техникалық қызмет көрсетуімен бірге жалға беруді ұсынды, деп хабарлайды "Адырна".
Бұл туралы Ресей көлік министрі Андрей Никитин айтты.
Оның сөзінше, тиісті ұсыныс Вьетнам тарапына жолданған және қазір қаралып жатыр. Мәскеу бұл келісім екі ел арасындағы әуе қатынасын кеңейтуге мүмкіндік береді деп есептейді.
Министрдің сөзінше, 2026 жылы Ресей мен Вьетнам арасындағы туристік ағын айтарлықтай өскен. Әуе қатынасы бойынша көрсеткіш 2025 жылмен салыстырғанда үш есеге жуық артқан.
Ресей бұған дейін де Орталық Азия елдері, Катар, Кувейт және Эфиопиямен ұқсас келісім жасауға тырысқан. Алайда әзірге шетелдік әуе компанияларынан ұшақтарды лизингке алу туралы келісім жасалғаны хабарланбаған.
Ресейлік тасымалдаушыларға қосымша ұшақтар қажет. Бұған елдегі Boeing және Airbus ұшақтарын сатып алу мен жөндеуге байланысты қиындықтар себеп болып отыр. Бұл ұшақтар Ресейдің азаматтық авиация паркінің шамамен үштен екісін құрайды.
А. Балаева призвала деятелей культуры активнее включиться в процесс формирования светского, зрелого и интеллектуального общества
