1-сыныпқа 490 мыңнан астам бала онлайн қабылданды

107
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/L9KkhEqXfA4mnYaZnXm60hLDEZUDzTVJsz06OLEF.jpg

Қазақстанда Ұлттық білім беру деректер базасы жаңғыртылып, оның негізінде Ұлттық білім беру платформасы құрылып жатыр. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады "Адырна".

«Жаңартылған жүйе 1-сыныпқа қабылдауға өтініш беруді онлайн форматқа көшіруге мүмкіндік берді. Бүгінде 490 мыңнан астам өтініш түсті. Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына қабылдау да толық автоматтандырылды. Колледждерге 220 мыңнан астам талапкер оқуға қабылданды», – делінген сенбі күнгі хабарламада.

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Ұлттық білім беру деректер базасын жаңғырту мәселелері бойынша кеңес өткізді.

Жиында Оқу-ағарту министрі мен «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасының жүйені жаңғырту және оның негізінде Ұлттық білім беру платформасын құру барысы туралы есептері тыңдалды.

Ал Шымкент қаласы, Түркістан, Ақтөбе және Алматы облыстары әкімдерінің орынбасарлары өңірлердегі білім беру ұйымдарын цифрландыру жұмыстары туралы баяндады.

Нұрлыбек Нәлібаевтың айтуынша, Ұлттық білім беру платформасын енгізу халыққа білім беру саласындағы мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруға және бюджет шығындарын қысқартуға мүмкіндік береді. Үнемделген қаражат білім беру жүйесінің өзге де қажеттіліктеріне бағытталмақ.

Комментарии