Екібастұзда тұрғын үй ауласында алты жасар баланы жеңіл көлік қағып кетті. Бала оқиға орнында қайтыс болды. Қайғылы оқиға фактісін Павлодар облысының полиция департаменті растады, деп хабарлайды “Адырна”.
Полиция қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр,
Ақпаратқа сәйкес, жол оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Болған оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталады.
Сондай-ақ полиция жүргізушілерге жол қозғалысы ережелері мен жылдамдық режимін, әсіресе көлік көп жүретін аумақтарда қатаң сақтау қажеттігін еске салады.
Новости по теме
