Абай облысының Семей қаласында, Солтүстік шағынауданындағы Сосновая көшесінде бір қабатты көлік жуу ғимаратынан өрт шықты, деп хабарлайды "Адырна".
Құтқарушылар келгенге дейін жарылыс болып, кейін өрт жүк көлігіне және екі жеке тұрғын үйге тараған. Бір үй толықтай, екіншісі ішінара зақымданған. Қазір өрттің аумағы анықталып жатыр.
Абай облысы төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Манарбек Шапағатовтың айтуынша, оқиғаның шығу себебі әзірге белгісіз.
Өртті сөндіру жұмыстарын үйлестіру үшін оқиға орнында жедел штаб құрылды. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.
Құтқарушылар өртті толықтай сөндіру жұмыстарын жалғастырып жатыр.
Новости по теме
