Жаңаөзенге жаңа әкім келді

214
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/yNY8QAGC65q8WDCdoDf6cLVcRpWu8ZqkRet5l9gV.webp

Сымбат Төретаев Жаңаөзен қаласының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Тиісті өкімге Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай қол қойды.

Бұған дейін Сымбат Төретаев Қарақия ауданының әкімі қызметін атқарған. Ол бұл лауазымға 2023 жылғы 19 мамырда тағайындалған.

Сымбат Төретаев 1978 жылғы 27 қаңтарда Маңғыстау облысының Жетібай ауылында дүниеге келген. Ш. Есенов атындағы Ақтау университетін «Экономика және менеджмент» мамандығы бойынша, Алматы менеджмент университетін «Іскерлік әкімшілендіру» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2000 жылы Маңғыстау облысының ішкі істер органдарында бастаған. Жедел уәкіл және аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкіл қызметтерін атқарған.

2006–2010 жылдары коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтерде жұмыс істеген. 2010–2014 жылдары Қарақия ауданы Мұнайшы ауылының әкімі болды. 2015–2019 жылдары Маңғыстау облысы әкімі аппаратының құқық қорғау органдарымен жұмыс және терроризмге қарсы іс-қимыл бөлімін басқарды. 2019 жылғы қыркүйектен 2023 жылғы ақпанға дейін Қарақия ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. 2023 жылдан бері Қарақия ауданының әкімі болды.

Жаңаөзен қаласының әкімі қызметін бұған дейін Жансейт Қайнарбаев атқарған.

Комментарии