Санкцияны жеңілдету үшін. Иран уран байытуды тоқтатуға келісті - Al Hadath TV

233
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/wd7aY0l4I74StUZ1ze2A8TCHBYXCkpMc6ftWmXHb.jpg

Иран АҚШ тарапынан санкциялық режимді жеңілдету есебінен уранды байытуды уақытша тоқтатуға келісті. Мұндай мәлімдемені Al Hadath телеарнасы жасады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Телеарнаның Пәкістандағы дереккөздерінің мәліметінше, бұған Иран мен АҚШ арасындағы келіссөздерге арағайындық жасаған делдалдар ықпал еткен. Әзірге Иранның ресми өкілдері Al Hadath жариялаған ақпаратқа қатысты пікір білдірген жоқ.

Дүйсенбі күні Axios порталы мен Израильдің 12-арнасының тілшісі Барак Равид АҚШ-тағы лауазымды тұлғаға сілтеме жасап, Дональд Трамптың Иранға қарсы санкцияларды жеңілдетуге және елдің бұғатталған активтерін босатуға дайын екенін хабарлаған. Оның айтуынша, бұл қадам Тегеран АҚШ-тың Ислам Республикасының ядролық бағдарламасына қатысты талаптарын орындаған жағдайда жүзеге асуы мүмкін.

Комментарии