Бразилияда президент сайлауының бірінші кезеңі жеңімпазсыз аяқталды. Екінші турға қазіргі президент Луис Инасиу Лула да Силва мен бұрынғы президент Жаир Болсонарудың ұлы, сенатор Флавиу Болсонару өтті, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі BBC-ге сілтеме жасап.
Дауыс беру бюллетеньдерінің 98,64%-ы саналғаннан кейін Флавиу Болсонару 47,27% дауыс жинаса, Лула да Силва 44,88% қолдауға ие болған. Осылайша, бұрынғы президенттің ұлы қазіргі мемлекет басшысынан шамамен екі пайызға озып шықты.
Сайлауға жалпы саны 12 кандидат қатысқан. Бірінші турда жеңіске жету үшін кандидат 50%-дан астам дауыс жинауы тиіс еді. Екінші кезең 25 қазанда өтеді.
Сайлау нәтижесі сарапшылар үшін күтпеген жағдай болды. Сайлау алдындағы сауалнамалардың басым бөлігі Лула да Силваның аздаған басымдығын көрсеткенімен, кандидаттар арасындағы айырмашылық статистикалық қателік шегінде болған.
Лула да Силва алғашқы турдың өзінде жеңіске жетемін деп үміттенгенін айтты.
«Ойын енді ғана басталды»,– деді президент.
Оның сөзінше, енді сайлауалды штабы өз қатарына көбірек сайлаушы тартуға күш салады.
Оңшыл бағыттағы Либералдық партияның өкілі Флавиу Болсонару да нәтижеге көңілі толатынын айтып, екінші турда жеңіске жететініне сенім білдірді.
Флавиу Болсонару әкесінің саяси бағытын жалғастырушы ретінде қарастырылады. Жаир Болсонару Бразилияны 2019–2023 жылдары басқарған. Оның ұлы қылмысқа қарсы күресті күшейтуді, азаматтардың қару иелену мүмкіндігін кеңейтуді және ауыл шаруашылығы саласындағы реттеуші талаптарды азайтуды қолдайды.
Ал Солшыл Жұмысшылар партиясының өкілі Лула да Силва жеңіске жетсе, қазіргі үкіметтің саясатын жалғастыруға мүмкіндік алады. Оның бағдарламасында әлеуметтік жобаларды дамыту, кедейлікпен күрес және Амазония ормандарын қорғау мәселелері қамтылған. Дегенмен, экология саласындағы кейбір шешімі сынға ұшырап келеді.
Еске салсақ, 2022 жылғы президент сайлауында Лула да Силва Жаир Болсонаруды 1,8 пайыздық тармақ айырмашылығымен жеңген болатын. Осылайша Бразилиядағы президенттік дода тағы да Лула мен Болсонару әулетінің текетіресіне айналып отыр.
Но есть еще одно предположение. Естественная причина оттока граждан из СКО – не грады и ураганы, а сам аким Кумар Аксакалов и его подчиненные.
