Таразда 24 жастағы жігіт пышақ жарақатынан қаза тапты

105
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/Y5pBVVQebfah4ORRCPVRXqqFrCEmQTtXJOZSWKe3.jpg

3 қазан күні Тараз қаласындағы Абай көшесінде орналасқан тұрғын үйдің ауласында қайғылы оқиға орын алды. 24 жастағы ер адамға пышақпен шабуыл жасалған, деп хабарлайды "Адырна".

Оқиға шамамен сағат 17:00-де болған. Жәбірленуші алған ауыр жарақаттарының салдарынан оқиға орнында көз жұмды. Куәгерлер болған жағдай туралы полицияға хабарлаған.

Жамбыл облысы Полиция департаментінің мәліметінше, аталған факті бойынша адам өлтіру бабымен қылмыстық іс қозғалды. Күдікті оқиғадан кейін көп ұзамай ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық істің тергелу барысы Жамбыл облысы ПД басшылығының бақылауында.

Комментарии