Павлодарда жол апатынан ауыр жарақат алған 60 жастағы әйел ауруханада 10 күннен кейін қайтыс болды. Көлікті прокуратура қызметкері басқарған деген ақпарат тарады, деп хабарлайды "Адырна".
Марқұмның немересі Алинаның айтуынша, әжесі Галина Сейтбаталова 23 тамызда көз жұмған. Отбасы 3 қазанда марқұмның қырқын өткізген.
Жол апаты 13 тамызда Павлодардағы Нұрмағамбетов пен Камзин көшелерінің қиылысында болған. Әйел сол күні жұмыстан үйіне қайтып бара жатқан. Ол жергілікті базардағы киім дүкенінде жұмыс істеген. Апат салдарынан әйел бас сүйек-ми жарақатын алып, басынан ауыр жарақаттанған. Сонымен қатар қабырғасы мен бұғанасы сынған. Марқұмның немересі жол-көлік оқиғасын екі адамның көргенін айтты. Оның сөзінше, жігіт пен қыз әжесімен бірге жолдан өтіп бара жатқан.
Оқиғаға прокуратура қызметкерінің қатысы бар екенін Павлодар прокуратурасы растады. Қазіргі таңда аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабының 2-бөлігімен қылмыстық іс тергеліп жатыр.
Алина істің қоғамға жария болғаннан кейін тергеушінің ауысқанын және осыдан соң тергеу жұмыстары жанданғанын айтты. Оның мәліметінше, бірнеше сараптама жүргізіліп, қазір олардың нәтижесі күтіліп отыр. Отбасы істі жүргізу үшін адвокат жалдаған.
Тергеуді Павлодар облысының полиция департаменті жүргізіп жатыр. Қылмыстық іс бойынша барлық мән-жай анықталуда.
Аким Жамбылской области принял участие в республиканской конференции по вопросам противодействия коррупции
Прокуратура области Ұлытау внедрила новый формат профилактики правонарушений через сервис Яндекс Такси
