80 жылдан аса уақытта. Әскери адамға алғаш ату жазасы қолданылуы мүмкін

88
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/zw5bkAWEuhXZEdf73p2PY1eiwzBrb7TyTqHxeDXw.jpg

Фото ЖИ-мен жасалған

АҚШ президенті Дональд Трамп әскери қызметшіні ату жазасына санкция берді, деп хабарлайды “Адырна”.

Трамп Техастағы Форт-Худ әскери базасында 2009 жылы 13 адамды өлтірген бұрынғы әскери психиатр Нидаль Малик Хасанға шығарылған өлім жазасын орындауға санкция берген. Үкімді ату арқылы орындау туралы ұсынысты АҚШ қорғаныс министрі Пит Хегсет енгізген.

Пентагон өкілі Шон Парнеллдің мәліметінше, ату жазасының нақты уақыты мен орны әзірге белгіленген жоқ. Егер үкім осы тәсілмен орындалса, бұл АҚШ әскери қызметшісіне қатысты 1945 жылдан бері алғаш рет ату жазасының қолданылуы болады.

Нидаль Малик Хасан 2009 жылы Форт-Худ әскери базасында қарулы шабуыл жасап, 13 әскери қызметшіні өлтіріп, тағы 32 адамды жаралаған. Шабуыл әскери қызметшілер Ауғанстанға жіберілер алдында медициналық тексеруден өтіп жатқан кезде болған. Хасан оқиға орнында полиция тарапынан жараланып, кейін мүгедектер арбасына таңылған.

2013 жылы әскери трибунал Хасанды 45 бап бойынша кінәлі деп танып, өлім жазасына кесті. Ол сот барысында шабуылды өзі жасағанын жоққа шығармаған. Хасан әскери қызметшілердің Ауғанстандағы соғысқа аттануына қарсылық білдіргенін айтқан.

АҚШ әскери жүйесінде өлім жазасын орындау үшін президенттің санкциясы қажет. Әскери қызметшіге қатысты соңғы өлім жазасы 1961 жылы дарға асу арқылы орындалған. Ал АҚШ-та әскери сотталған адамды ату арқылы өлім жазасына кесудің соңғы белгілі жағдайы 1945 жылдың қарашасында тіркелген.

Комментарии