Қаза тапқан теңізші отбасыларына төленетін көмек сомасы жарияланбайды

170
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/qPG1cqv1RwJrCgvLC0pK912taJN8bvZUHIvlZCNd.webp

Маңғыстауда әскери оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан және зардап шеккен әскери қызметшілердің отбасыларына төленетін қаражат көлемі жарияланбайды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы Маңғыстау облыстық қоғамдық кеңесінің төрағасы Бекмұрат Жүсіпов айтты.

Оның айтуынша, мұндай шешім әскери қызметшілердің туыстарының өтінішімен және жеке деректерінің құпиялығын сақтау мақсатында қабылданған.

Бекмұрат Жүсіпов комиссияның жұмысын аяқтағанын, жиналған қаражаттың белгіленген тәртіппен бөлініп, тиісті құжаттармен рәсімделгенін айтты. Оның сөзінше, қаражатты бөлу үдерісі қорға ақша түскен сәттен бастап алушыларға аударылғанға дейін бақылауда болған.

Еске салайық, қайғылы оқиға 24 қыркүйекте Каспий теңізінің жағалауында өткен әскери оқу-жаттығу кезінде болған. «Қайсар» катерінен теңізге түскен 17 әскери қызметшінің үшеуі құтқарылып, 14-і қаза тапты.

Комментарии