Мария Севостьянова Париждегі Гран-при турнирінде қола медаль жеңіп алды

189
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/g7pPNP5WkLI5eqHiH3drK13Du0TtBZ5kjlE8Gl8r.jpg

Фото: olympic.kz

Қазақстандық таеквондошы Мария Севостьянова Парижде өткен Гран-при турнирінде қола жүлдеге ие болды. Бұл туралы ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі жариялады, деп хабарлайды "Адырна".

Ақпаратқа сәйкес, отандасымыз жарыс барысында Тайбэй өкілі Вэй Чунь Линьді, Мажарстан спортшысы Лука Патакфалвиді және Өзбекстан өкілі Мәдина Марабзолованы жеңіп, жартылай финалға жолдама алды.

Алайда шешуші кезеңге өту үшін өткен кездесуде қазақстандық спортшы қазіргі әлем чемпионы, бразилиялық Мария Клара Пачекоға 0:2 есебімен жол берді. Осылайша, Мария Севостьянова турнирді қола медальмен аяқтады.

Айта кетейік, биылғы маусымның Гран-при сериясының финалдық кезеңі қараша айында Астанада өтеді.

Комментарии