Зеленский Трамптың "энергетикалық бітім" туралы мәлімдемесіне пікір білдірді

296
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/BVAop2EC5F1Fuxadc29v3pHqucqj1OltwSo1bDVf.jpg

Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ президенті Дональд Трамптың Ресеймен «энергетикалық бітім» жасалғаны туралы мәлімдемесінен хабарсыз екенін айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Бұл мәлімдеме мен үшін жаңалық болды. Алайда Ресей тарапы энергетика саласында атысты тоқтатуға келіссе, Украина да бұған келіседі», — деді Зеленский Axios басылымына берген сұхбатында.

Бұған дейін Зеленскийдің айналасындағы дереккөздер де АҚШ президентінің нақты нені меңзеп отырғанын білмейтіндерін мәлімдеген еді.

«Бүгіннен бастап Ресей мен Украина арасындағы соғыста энергетикалық бітім күшіне енеді. Екі тарап та бұған келісті. Оны бұзбаңыздар!» — деп жазған болатын Трамп 11 қазан күні Truth Social әлеуметтік желісінде.

Комментарии