"Әдепсіз әрекет". Меккеде 2 адам өлім жазасына кесілді

280
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/VBJfcKP5AAbbK9tLHTXw269s0atSsJqnz1EJHFmT.jpg

Сауд Арабиясында Мекке қаласындағы мешіттердің бірінде әдепсіз әрекет жасады деп айыпталған Бангладештің екі азаматына қатысты өлім жазасы орындалды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Шетелдік БАҚ дерегінше, үкім Назрул Ислам Басир мен Сити Ахтарға қатысты Мекке аймағында жүзеге асырылған. Ресми хабарламада олардың қасиетті мекеннің киесін бұзып, мешіт аумағында ауыр әдепсіз әрекет жасағаны айтылған. Алайда оқиғаның нақты мән-жайы жарияланбады.

Шариғат соты істі қарап, екі азаматқа да «тағзир» бойынша өлім жазасын тағайындаған. Кейін бұл шешімді Жоғарғы сот мақұлдап, корольдік жарлықпен үкім орындалған.

Оқиға дипломатиялық дау туғызды. Бангладештің Жидда қаласындағы Бас консулдығы өлім жазасының орындалатыны туралы алдын ала хабар алмағанын мәлімдеді. Осыған байланысты Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрлігіне ресми нота жолданған.

Бангладеш тарапы сот процесінің жабық өтуіне және үкімнің орындалуына қатысты түсініктеме талап етіп отыр.

Кейбір басылымдардың жазуынша, ер адам әйелінің маңдайынан сүйгені үшін жазаланған болуы мүмкін. Алайда бұл ақпарат ресми түрде расталған жоқ.

Комментарии