Тарақан басқан пәтерден бірнеше бала табылды

101
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/B7MnWB7CwLUQTZUIunoxaibBLT1u2sXrPAeKN6k8.webp

Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласында полиция қызметкерлері санитарлық жағдайы талапқа сай келмейтін үйде тұрған төрт баланы анықтады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Балалардың үшеуі бейімдеу орталығына, ал ең кішісі ауруханаға жеткізілді. 

Жергілікті ПД мәліметінше, оқиға орнына көршілердің шағымынан кейін құқық қорғау органдары мен қорғаншылық қызметінің өкілдері барған. Тексеру барысында үйде азық-түлік пен ауызсу болмағаны, санитарлық жағдайдың өте нашар екені анықталған.

Үйдің іші ұзақ уақыт бойы тазаланбаған. Қабырғалары мен төбесінде көгерген іздер болған, бөлмелерде тарақандар жүрген.

«Қауіпсіз үй» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Риддер қаласының полициясы, пробация қызметі және қорғаншылық органдарының қызметкерлері қауіпті жағдайда өмір сүрген отбасын анықтады. Үйдің ішінде азық-түлік пен су болмаған, санитарлық жағдайы өте нашар болған. Отбасында 2020–2025 жылдар аралығында туған төрт кәмелетке толмаған бала тұрған», – делінген полиция хабарламасында.

Тексеру нәтижесінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында олардың үшеуі бейімдеу орталығына, ал ең кішісі медициналық көмек көрсету үшін ауруханаға орналастырылды.

Қазір балалардың жағдайына қатысты өзге мәліметтер хабарланған жоқ.

Комментарии