Украина қалаларды қорғайтын инженерлік бөгеттер салады

196
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/IFF5NZPF07kU3S7H3Sk1lFOEaGAC6D5I9dYllP1b.webp

Украина президенті Владимир Зеленский қалаларды айналдыра қорғаныс жүйесін құру туралы жарлыққа қол қойды. Құжат 26 қазанда мемлекет басшысының ресми сайтында жарияланды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Құжатқа сәйкес, Украинада қалаларды жан-жақты қорғауды қамтамасыз ету үшін инженерлік бөгеттер желісі салынады.

«Қалалардың тиісті қорғаныс деңгейін қамтамасыз ету және оны іске асыру тетіктерін дамыту жөніндегі инженерлік бөгеттер желісін дамыту шаралары туралы» Украина Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің шешімі қолданысқа енгізілсін», – делінген жарлықта.

Алайда жарлықта қорғаныс жүйесі құрылатын нақты елді мекендердің атауы көрсетілмеген. Сондай-ақ тиісті жұмыстардың қай мерзімде аяқталатыны туралы ақпарат жоқ.

Комментарии